Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.
Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды. Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.