Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 14 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өзін жайсыз сезінген қала тұрғыны жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда ол есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы бұл факті бойынша тексеру басталғанын хабарлады.
«Осы мәселеге байланысты баланың ата-анасы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағым түсірген. Осыған орай қазіргі уақытта жағдайды зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатын болады.