Петропавлдағы макарон өндіретін кәсіпорында 35 жастағы жұмысшы қаза тапты

/
Петропавлдағы макарон өндіретін кәсіпорында 35 жастағы жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com

12 қазанда Петропавлдағы Труд көшесінде орналасқан өндірістік нысанда 35 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам өндірістік қондырғының ішіне құлап, ауыр жарақат алған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

СҚО полициясы адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Редакция дереккөзінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Сұлтан» фабрикасында болған. Дереккөздің айтуынша, қамыр илейтін құрылғыны тазалау кезінде жұмысшы оның ішіне түсіп кетіп, ауыр жарақат алған.

Сондай-ақ редакцияға марқұмның осы өндіріс орнында көп жылдан бері жұмыс істегені хабарланған. Демек, оның жабдықтармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар.

Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Тергеу барысында оқиғаның себептері анықталып, жұмысшының қазасына кімнің жауапты екені белгілі болуы тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар