Семейде қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды

/
Семейде қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды
Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер BMW 520 автокөлігінің жүргізушісі жол үстінде қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны Илья Займидорога болып шықты. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді.

Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция жолдардағы қауіпті маневрлер жүргізушілердің, жолаушылардың және жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретінін ескертеді. Назар аударту мақсатында мұндай әрекеттерге бару жауапкершіліктен босатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар