4 қазанда Семей қаласында жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еріктілер жас жігіттің мәйіті қандай жағдайда табылғанын нақтыламады. Белгілі болғандай, 2003 жылы туған Нұрасыл Әбен Қарағайлы көшесі, 50А мекенжайындағы үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Оны соңғы рет жаңа көпірдегі бейнебақылау камерасынан байқаған.
Жігіт ақ түсті футболка мен қара шалбар киген.