Алматыда 61 жастағы адамды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды (ВИДЕО)

/
Алматыда 61 жастағы адамды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Алматыда 61 жастағы тұрғынның өліміне қатысты төрт күдікті ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның басына қап кигізіп, оны өз үйінен алып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктілердің жеке басы белгілі болды. Сондай-ақ олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды.

Қазір төрт күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеуге Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен құралған арнайы тергеу-жедел тобы тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары