«Бұл шешім өте қиын болды»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты

/
«Бұл шешім өте қиын болды»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Актер Абай Асылхан актриса Жанель Мақажанмен бес жылдық некесінің аяқталғанын мәлімдеді. Ол бұл шешімнің екеуіне де оңай болмағанын айтып, ажырасуға сырттан ешкім араласпағанын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай Асылхан бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылардың бірге өткізген бес жылында қуанышты сәттер де, қиындықтар да болған.

«Иә, Жанель екеуміздің ерлі-зайыптылық қарым-қатынасымыз аяқталды. Біз бірге бес жыл өмір сүрдік. Бұл кезеңде қуанышты сәттер де, қиындықтар да болды. Мен үшін бұл шешім өте қиын болды. Бұл екеуміздің бірдей шешіміміз болды, сырттан ешкім араласпады», — деп жазды шоумен.

Сондай-ақ ол жеке өміріне қатысты егжей-тегжейлі ақпаратты жариялағысы келмейтінін атап өтті. Бұған қоса, бұрынғы жұбайына амандық тілеп, балалардың анасы ретінде оны құрметтейтінін жеткізді.

«Оған амандық пен жақсылық тілеймін. Ол — балаларымыздың анасы, сондықтан өзара құрметті сақтауды маңызды деп санаймын», — деді ол.

Шоуменнің сөзінше, некеге қатысты құқықтық мәселелер заң аясында шешіліп жатыр. Ол бұл үдерістің сабырмен әрі артық жариялылықсыз аяқталғанын қалайтынын айтты.

«Балаларымның алдындағы әкелік жауапкершілігімді әрі қарай да атқара беремін», — деп түйіндеді Абай Асылхан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар