Түркістанда қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

/
Түркістанда қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды
polisia.kz

Түркістан қаласында тас жолда қауіпті маневр жасап, дрифт орындаған 18 жастағы жүргізуші анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, жас жүргізуші Кентау тас жолында Mercedes-Benz автокөлігімен жол қозғалысына қауіп төндіретін әрекеттер жасаған.

Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, тексеру барысында автокөлікке дауыс күшейткіш құрылғы орнатылғанын да анықтаған.

Осы деректер бойынша жүргізушіге заңнамаға сәйкес екі әкімшілік жаза қолданылды.

Mercedes-Benz автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге бармауды ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар