"Нокаутқа түсіремін": Әлем чемпионы боксшы Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті

/
"Нокаутқа түсіремін": Әлем чемпионы боксшы Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті
instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикандық боксшы Карлос Адамес (25-1-1) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0) қатысты өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Адамес әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібекпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтып, қарсыласын нокаутқа түсіретінін мәлімдеген.

"Егер Құдай маған өмірімде тек бір жекпе-жекті таңдауға мүмкіндік берсе, еш күмәнсіз Жәнібекпен кездесуді таңдар едім. Қай жерде, қашан өтетіні маңызды емес. Мен оны нокаутқа түсіретінімді дәлелдеуім керек", – деп жазды Адамес.

Доминикандық боксшы соңғы жекпе-жегінде америкалық Остин Уильямсты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, WBC чемпиондық белбеуін сақтап қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс кеңесі Карлос Адамеске тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановқа (20-0) қарсы міндетті титул қорғау жекпе-жегін өткізуді тапсырған.

Тараптарға келісімге келу үшін 2026 жылғы 20 қазанға дейін уақыт берілген. Егер келісім жасалмаса, WBC промоутерлік сауда өткізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар