Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді (Жеке сәйкестендіру нөмірі) өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес, уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы.
Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", – делінген хабарламада.