Тараз тұрғыны ескерткіш маңында отшашу атқаны үшін жауапқа тартылды

/
Тараз тұрғыны ескерткіш маңында отшашу атқаны үшін жауапқа тартылды
istockphoto.com

Таразда Тәуке хан көшесіндегі “Қазақ хандығының 550 жылдығы” монументінің маңында отшашу ұйымдастырған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соңғы уақытта түнгі сағат 00:00-де отшашу ұйымдастыру өзіндік дәстүрге айналып барады. Азаматтар осылайша жақындарын туған күнімен құттықтап, мерейтой, үйлену тойы және басқа да маңызды оқиғаларды атап өтеді.

Алайда мерекелік себептер айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуға негіз бола алмайды. Түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолдану қоғамдық тыныштықты бұзып, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін, оның ішінде түнгі уақытта отшашу ұйымдастырғаны үшін 1 418 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар отшашуды белгіленбеген орындарда пайдалану адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, өрт шығуына және жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

10 қарашадан 3 қаңтарға дейін Жамбыл облысының аумағында “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция мерекелік көңіл күй заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағылардың тыныштығын құрметтеуге және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар