Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен мәреге бірінші келгенімен, нәтижесі есепке алынбаған қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева елге оралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшыны Алматы әуежайында жанкүйерлері мен жақындары қарсы алды.
Еске салайық, Ясмина Тоқсанбаева 42,195 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, жарысты бірінші болып аяқтаған еді.
Алайда жарыстан кейін оның аяқкиіміне қатысты наразылық білдіріліп, нәтижесінде спортшының көрсеткіші ресми есепке алынбады.