Эсмигүл Куюлова дзюдодан Хорватиядағы Гран-придің қола жүлдесі үшін күреседі

/
Эсмигүл Куюлова дзюдодан Хорватиядағы Гран-придің қола жүлдесі үшін күреседі
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалдық кезеңіне шықты.

Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Эсмигүл ширек финалда Джессика Климкейтпен (Канада) кездесті. Тартысты белдесуде жерлесіміз қарсыласына жол берді. 

Дегенмен Эсмигүл жұбаныш белдесуінде венгриялық Бригитта Варганы жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Енді ол хорватиялық Ива Оберанмен қола жүлдені сарапқа салады.

Ал Ажар Асхат (70 келі), Данияр Шамшаев, Бақытжан Абдурахманов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.

Айта кетейік, финалдық белдесулер бүгін, 14 қарашада өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары