Жазғы Азиада – 2026: Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан қола жүлде жеңіп алды

/
Жазғы Азиада – 2026: Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан қола жүлде жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол оңтүстіккореялық Хуивон Чонмен кездесті.

Тартысты белдесу 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша көрсеткіштер бойынша басым түскен Жібек Құлымбетова жеңіске жетіп, қола медаль иеленді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан күміс медаль жеңіп алған еді. Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары