Жазғы Азиада – 2026: Қазақстандық екі дзюдошы ширек финалға өтті

/
Жазғы Азиада – 2026: Қазақстандық екі дзюдошы ширек финалға өтті
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Әділет Алмат пен Ажар Асхат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әділет Алмат 81 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қырғызстандық Тегин Алмазжан уулумен кездесіп, иппонмен жеңіске жетті.

Ажар Асхат 70 келіге дейінгі салмақта Таиланд өкілі Супаттра Наногты жеңді.

Осылайша қос дзюдошы Азиаданың ширек финалында бақ сынайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары