«Таңдау» фильмі халықаралық кинофестивалінде жүлдеге ие болды

/
«Таңдау» фильмі халықаралық кинофестивалінде жүлдеге ие болды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Режиссер Жаннат Алшанованың «Таңдау» фильмі XI Baiqonyr дебюттік және қысқаметражды халықаралық кинофестивалінде «Үздік дебюттік фильм» аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған туынды – режиссердің алғашқы толықметражды фильмі. «Таңдау» Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Accidental Films кинокомпаниясында Франция, Нидерланд, Литва және Швеция кинематографистерімен бірлесіп түсірілді.

Кинотанушылар форумы аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі, кинотанушы әрі кино сыншысы Инна Смаилова «Кинотану ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесімен марапатталды.

Фестиваль соңында Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына орай «Алты жасар Алпамыс» фильмі көрсетілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары