Қайрат Нұртас концертінде тыңдарманына алтын алқасын сыйлады (ВИДЕО)

/
Қайрат Нұртас концертінде тыңдарманына алтын алқасын сыйлады (ВИДЕО)
Скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртас елордада сахнада жүргеніне 20 жыл толуына орай жеке концертін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеш барысында тыңдармандарының бірі сахнада тұрған әншіге сөмкесін лақтырып жіберген. Ол көзілдірігін сыйлап, сөмкенің ішіне салып беруін өтінген.

Алайда Қайрат Нұртас сахнада көзілдіріксіз шыққандықтан, орнына мойнындағы алтын алқасын сыйға тартты.

«Өзіне қатты ұнайтын құнды алқасы көрерменге бұйырды», – деп жазды әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында.

Сонымен қатар өнер иесі концерт барысында киіп шыққан сахналық костюмін де тыңдарманына сыйлап жіберді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар