Көкшетауда қыз жүргізушімен жанжалдасқаннан кейін жүріп келе жатқан көліктен секіріп кеткен. Ол дене жарақатын алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал Әуезов көшесінде болған.
«Volkswagen маркалы автокөлік қозғалыста болған кезде жүргізуші мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал барысында қыз көліктен жүріп келе жатып түсіп қалған. Соның салдарынан дене жарақатын алған», — деп хабарлады полиция.
Қыз жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған факт Көкшетау қаласының полиция басқармасында тіркелді. Қызметкерлер тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.