Желіде балағат сөз айтқан әйел 86 мың теңге айыппұл төледі (ВИДЕО)

/
Желіде балағат сөз айтқан әйел 86 мың теңге айыппұл төледі (ВИДЕО)
Polisia.kz

Павлодарда полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында өз парақшасында балағат сөздер айтқан әйелдің аккаунтын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицейлер оның жеке басын жедел анықтады. Ол Алматы қаласының тұрғыны, 41 жастағы Шынар Акаева болып шықты. Әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 86 500 теңге айыппұл салынды.

Полиция заңға қайшы контентті, оның ішінде әлеуметтік желілерде және тікелей эфирлер кезінде жариялау міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары