Жазғы Азиада-2026: Арлан Жаңабай қола жүлдегер атанды

/
Жазғы Азиада-2026: Арлан Жаңабай қола жүлдегер атанды
Olimpic.kz

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Триатлоннан ерлер арасындағы жарыста қазақстандық спортшы Арлан Жаңабай қола жүлдегер атанды.

Ол жарыс жолын 53:11 уақытта бағындырды. Мәреге бірінші болып жапониялық Ходзё Такуми жетіп, ол 52:56 уақыт нәтижесін көрсетті. Екінші орынды қытайлық Чжан Сижуй иеленді - 53:05.

Қазақстанның тағы бір өкілі Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Осылайша, бұл қола медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жүлдесі болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар