Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында гандболдан әйелдер арасында сайыстар басталды, деп хабарлайды ҰОК.
Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Қытаймен жолықты.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қытайлық гандболшылар 24:34 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл спорт түрінде жарыстар айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр. Ұлттық құрама келесі ойынын 20 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.
Сонымен қатар бүгін 19 қыркүйекте 2026 жылғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді.