Тамызда фастфуд қызметтерінің бағасы бір айда 0,1 пайызға, ал бір жылда 10,2 пайызға өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бір ай ішінде баға Түркістан облысында 1,2%-ға өсті. Қалған өңірлерде баға өзгерген жоқ.
Бір жыл ішінде бағаның ең жоғары өсуін Ақтөбе (23,0%) және Ақмола (16,2%) облыстарының, Павлодар (15,7%), Түркістан (15,5%) және Атырау (13,6%) облыстарының тұрғындары сезінді.
Бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (1,4%) және Қарағанды (4,0%) облыстарында тіркелді.