«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Астана тұрғындарын алдаған алаяқ сотталды

/
«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Астана тұрғындарын алдаған алаяқ сотталды
istockphoto.com

Жүргізуші куәлігін таныстары арқылы жасап беруге уәде еткен алаяққа Астана қаласының 6 тұрғыны ақша берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,3 млн теңгені құрады.

Сотта прокурор сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сотталушының кінәсін мойындауы және келтірілген шығынды ішінара өтеуі ескеріліп, сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ жазаны өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді.

Сотталған адамға бірқатар міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты және жұмыс орнын өзгертуге, алкогольдік ішімдіктерді тұтынумен байланысты ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды. Жұмысы болмаған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелу, сондай-ақ сот белгілеген түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін) тұрғылықты жерінен тыс жерде болуға шектеу қойылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, заңда белгіленген тәртіпті айналып өтіп, қандай да бір мәселені шешуге уәде бергенадамдарға ақша қаражатын бермеуге және мемлекеттік қызметтерді алудың тек заңды тәсілдерін пайдалануға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары