Астанада заң бұзған студент 5 тәулікке қамауға алынды

/
Астанада заң бұзған студент 5 тәулікке қамауға алынды
Polisia.kz

Астанада полицейлер елорданың дәмханаларының бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақ ұлттық спорт университетінің студенті Армат Әнуарбеков сүйіктісін туған күнімен ерекше құттықтау мақсатында дәмхана маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан. Алайда мерекелік тосынсый әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық және және пиротехникалық бұйымдарды елдімекендерде қолдану фактілері бойынша бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен жас жігітке бес тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция пиротехникалық бұйымдарды қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланудың азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді. Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары