Ақмола облысының Макинск қаласында 2018 жылы туған қызды көлік қағып, ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 7 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Макинск қаласындағы Мәскеу көшесінде болған. Жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады.
«Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде көз жұмды, – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.