БҚО-да бір отбасыны өрттен құтқарып қалған полицей марапатталды

/
БҚО-да бір отбасыны өрттен құтқарып қалған полицей марапатталды
Polisia.kz

БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбай Нұрмұхановты адам өмірін құтқарудағы батыл әрекеті үшін марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні ауылды аралау барысында полиция қызметкері тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қою түтінді байқаған. Оқиға орнына дереу жеткен ол мал қораның өртеніп жатқанын және жалынның тұрғын үйге қарай таралып бара жатқанын көрді.

Нұрлыбай Нұрмұханов ұйқыдағы отбасыны оятып, барлығын, оның ішінде балаларды қауіпсіз жерге шығарды. Содан өрт сөндірушілер келгенше үй иелерімен бірге малдарды құтқарып, жалынның тұрғын үйге таралуына жол бермеді.    

Департамент бастығы полиция қызметкерінің дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында бір отбасының аман қалғанын атап өтті.

Нұрлыбай Нұрмұхановқа көрсеткен ерлігі мен кәсіби қызметі үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары