«Türküstan» мен «TURKISTAN» әріптестік байланыс орнатпақ

/
«Türküstan» мен «TURKISTAN» әріптестік байланыс орнатпақ

Әзербайжандық «Türküstan» газетінің бас редакторы Ақыл Жамал «TURKISTAN» халықаралық газетінің редакция ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында түркі әлемінің ортақ тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау, бауырлас халықтар арасындағы рухани байланысты нығайту және бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Ақыл Жамал «TURKISTAN» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлын қазақ және әзербайжан халықтарының тарихи тамырластығын, ортақ құндылықтары мен түркі бірлігін кеңінен дәріптеу бағытында өзара әріптестік орнатуға шақырды. Оның айтуынша, қазақ пен әзербайжан халықтарын ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бауырластық, ортақ тарих пен рухани жақындық байланыстырады.

Кездесуде екі елдің аттас басылымдары арасындағы байланысты нығайтып, түркі халықтарының бірлігі мен ынтымағын, ортақ тарихи мұрасын кеңінен насихаттау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызы атап өтілді. Тараптар алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасып, бауырлас халықтардың достығын дәріптеу жолында тығыз байланыс орнатуға ниетті екенін білдірді.

Айта кетерлігі, әзербайжандық «Türküstan» газетінің алғашқы саны 2006 жылғы 11 маусымда жарық көрген. Содан бері аптасына бір рет тұрақты түрде оқырманға жол тартып келеді. 24 беттік басылым түрлі түсті форматта жарық көреді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары