Өзбекстанда некелесу көрсеткіші азайып жатыр

/
Өзбекстанда некелесу көрсеткіші азайып жатыр
istockphoto.com

Өзбекстанда соңғы 35 жылдағы неке саны туралы деректер жарияланды. 2021 жылдан бастап тіркелген некелер саны азайған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылы елде 305,2 мың неке тіркелген. 2022 жылы бұл көрсеткіш 296,7 мыңды, 2023 жылы 283,8 мыңды, 2024 жылы 271,8 мыңды, ал 2025 жылы 267,1 мыңды құрады.

2026 жылдың алғашқы алты айында елде 92,3 мың неке қиылған.

1991-2025 жылдар аралығында некелердің ең көп саны 2018 жылы тіркелген. Сол жылы 311,4 мың жұп некеге тұрған.

Ал осы кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш 2000 жылы тіркелді. Ол кезде Өзбекстанда 168,9 мың неке қиылған.

Бұған дейін Отбасы және гендер ғылыми-зерттеу институты Өзбекстанда некелер санының азаюына әсер ететін негізгі факторларды анықтау үшін зерттеу жүргізген. Олардың қатарында демографиялық өзгерістер, әйелдердің білім алуға және мансап құруға ұмтылысы, экономикалық қиындықтар, ажырасу санының өсуі, еңбек көші-қоны және жастардың өмір салтының өзгеруі бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары