Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі кіргізбек болған шетел азаматтары ұсталды

/
Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі кіргізбек болған шетел азаматтары ұсталды
ҰҚК

Биыл тамызда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК Шекара қызметі көлік прокуратурасының үйлестіруімен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерден Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі заттарын әкелудің үш әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан «марихуана», «каннабис шайыры» және «гашиш майы» табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты.

Көрсетілген фактілерге қатысты материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзыретті органдарға тергеу бағыты бойынша берілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары