Жамыбыл облысындағы Сарысу аудандық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соттың мәліметінше, 2026 жылдың тамызында Жаңатас қаласындағы кафеде азамат Б. қоршаудан өтіп, кафе аумағына кірді, содан кейін кәмелетке толмаған баланы көріп, оны қорлап, қасында жатқан заттарды лақтыра бастады. Баланың анасы полицияға қоңырау шалды, хаттама толтырылды.
Сотта Б. масаң күйде болғанын және не болғанын есінде жоқ екенін түсіндірді.
Жәбірленушінің анасы мұндай жағдай бұрын болғанын айтып, қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Сот қаулысымен ер азамат кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.