2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті. Жыл басынан бері ел халқы 104 997 адамға өсті. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
1 тамыздағы жағдай бойынша қалалық жерлерде шамамен 13 211 759 адам, ал ауылдық жерлерде 7 393 060 адам тұрған.
Халық саны ең көп қала – Алматы. Мұнда 2 379 793 адам тұрады. Астанада шамамен 1 690 605, ал Шымкентте 1 313 348 адам бар.
Өңірлер арасында халық саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 2 144 993 тұрғын. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы – 1 614 234 тұрғын, Жамбыл облысы – 1 211 705, Қарағанды облысы – 1 130 313 тұрғын.
Халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 217 670 адам тұрады.