Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Конституциямен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.