Қостанай маңында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, 400 газ баллоны шығарылды

/
Қостанай маңында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, 400 газ баллоны шығарылды
Видеодан скриншот

Қостанай маңындағы облыстық маңызы бар автожолда жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, құтқарушылар одан жүздеген газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өрт Қостанай – Введенка тасжолында, «Текстильщик-1» бау-бақша қоғамы маңында болған. Жүк көлігі тіркемесінің жеті шаршы метр аумағын өрт шарпыған.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, қауіпті аймақтан әрқайсысының көлемі 27 литр болатын 400 бос газ баллонын алып шықты.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары