Бір адам қаза тапқан: Алматыда автопаркке қатысты іс қозғалды

/
Бір адам қаза тапқан: Алматыда автопаркке қатысты іс қозғалды
istockphoto.com

Алматы қаласында автобус пен мопед соқтығысып, бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот И. және К. есімді жүргізушілерді кінәлі деп танып, олардан жәбірленушінің пайдасына 25 млн теңге моральдық зиянды ортақ тәртіппен өндіруді міндеттеген.

Алайда зия тек жүргізушілерден өндірілген. Ал автобустың иесі  серіктестік азаматтық жауапкер ретінде танылмаған.

Заң талаптарына сәйкес, кәсіпорын жоғары қауіп көзінен, яғни өз қызметкерлерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін ортақ жауапкершілік көтеруге тиіс.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот азаматтық талап қою бөлігіндегі сот актілерінің күшін жойып, сотталғандар мен заңды тұлғаның материалдық жауапкершілігінің мөлшерін айқындау үшін істі жаңадан қарауға жіберді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары