ҰҚК: Қазақстанға жалған құжатпен кірмек болған 19 шетелдік анықталды (ВИДЕО)

/
ҰҚК: Қазақстанға жалған құжатпен кірмек болған 19 шетелдік анықталды (ВИДЕО)
ҰҚК

Қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 фактінің жолы кесілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны жалған және бөгде құжаттарды пайдаланып кесіп өткені үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары