Қарағандыда Шахтерлер даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінен шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД хабарлады.
Өрт 10 қабатты ғимараттың тоғызыншы қабатындағы екі деңгейлі пәтерде болған. Үйдегі заттар мен жиһаздар өртенген.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге кірісті. Құтқару жұмыстары барысында төрт адам баспалдақ арқылы ғимараттан эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның әрі қарай таралуына жол берілмеді. Өрт толық сөндірілді.