«Ұлдананың сау-тамтығы болған жоқ»: Сотта екінші фельдшер жауап берді

/
«Ұлдананың сау-тамтығы болған жоқ»: Сотта екінші фельдшер жауап берді
видеодан скриншот

Бүгін Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысында апат болған күні зардап шеккендерге көмектесуге барған екінші фельдшер Ділназ Байзақова жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сол күні Ұлдана екеуміз алғаш рет шақыртуға бірге шықтық. Ұлдананы аға фельдшер, мені көмекші етіп жіберді. Мен бұрын басқа бригадада болатынмын. Сол күн еңбек демалысынан кейінгі алғашқы жұмыс күнім болатын. Шұғыл шақырту деп, қабырғасы құлаған үйге жіберді. Барғанда, апат болған жерде бір әйел отырды. Бір ер адам мен бір әйел адам үйіндінің астында жатты. Ұлдана екеуміз бірден көмектесуге кірістік. Жатқан ер мен әйелдің бірін көтермек болған кезімізде біздің үстімізге бір нәрселер құлады. Салмағы бойынша маған құлағаны кірпіш сияқты болып сезілді. Мен құлап қалдым. Тұрып Ұлданаға қарадым. Ұлдананың беті жерге қарап жатыр екен. Ұлдананы көтердім. Оның сау-тамтығы болмады. Мұрны мен құлағынан қатты қан кетіп жатты. Ұлдана деп айғайлап жібердім. Сол жерде жедел жәрдемнің екінші бригадасы болды. Олар бізден кейін келген. Олар Ұлдананы салып алып кетті. Ұлдананы алып кеткеннен кейін құтқарушылар келді», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар