Ұлдана Мырзуанның өлімі: Тұрғын үйді салған құрылыс компаниясының басшылары қайтыс болып кеткен

/
Ұлдана Мырзуанның өлімі: Тұрғын үйді салған құрылыс компаниясының басшылары қайтыс болып кеткен
видеодан скриншот

Бүгін марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты кезекті сот процесі өтып жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы – апат кезінде МИБ төрағасы болған Сәуле Жұбаниязованың адвокаты сөз сөйледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бастапқыда іс сапасыз құрылыс бабы бойынша қаралған. Тергеу «2005 жылы үйді салған «Гражданстрой» ЖШС құрылыс кезінде жіберген ақаулар апатқа себеп болған» деген қорытындыға келген. Гайгов Мұса Омарұлы «Гражданстрой» ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы әрі директоры болған.  2017 жылы Мұса Омарұлы ЖШС-ны өзінің ұлы Гайгов Ислам Мұсаұлының атына аударып, рәсімдеген. 2022 жылы Гайгов Мұса Омарұлы дүние салған. 2024 жылдың тамызында Ислам Мұсаұлы да қаза тапқан. Осылайша құрылыс салушының екі басшысы да қайтыс болып кеткен. Сондықтан оларды жауапқа тарту мүмкін емес. Гайговты айыпты деп тану туралы іс тоқтатылған», - деді адвокат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар