Парижге ұшқалы тұрған ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

/
Парижге ұшқалы тұрған ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті
видеодан скриншот

Канаданың Монреаль қаласындағы Пьер Эллиот Трюдо атындағы халықаралық әуежайда қайғылы оқиға болды. Парижге ұшуға дайындалып жатқан әуе кемесі артқа қозғалу кезінде жердегі қызметкерді қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 24 тамыз күні кешке болған. Мәлімет бойынша, French Bee әуе компаниясының ұшағы жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Монреальдан Парижге аттануы тиіс болған.

Шамамен сағат 19:30-да оқиға орнына жедел қызметтер шақырылған. Зардап шеккен әуежай қызметкері ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Полиция оның өміріне қауіп төніп тұрғанын хабарлаған.

Кейін қызметкер алған жарақаттарынан қайтыс болғаны белгілі болды. Оқиғадан соң әлеуметтік желіде әуежай аумағында түсірілген кадрлар тарады. Онда болған жағдайдың салдары көрінеді.

Пьер Эллиот Трюдо әуежайын басқаратын Aéroports de Montréal компаниясы марқұмның отбасы мен әріптестеріне көңіл айтты.

«Әуежай қауымдастығы мүшесінен айырылу бәрімізге ауыр тиді. Осынау қиын сәтте марқұмның отбасына, жақындарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз», – деді компания басшысы Ив Бошамп.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр. Тергеуді Канаданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік даму министрлігі жүргізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары