Павлодарда пойыз астына түсіп, аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт көз жұмды

/
Павлодарда пойыз астына түсіп, аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт көз жұмды
magnific.com

Павлодарда теміржол вокзалында ауыр жарақат алған 22 жастағы жігіт бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Irбis TV мәліметінше, оқиға 30 қыркүйекте болған. Жас жігіт теміржолда пойыз астына түсіп, сол аяғынан айырылған.

Зардап шегуші ауыр жағдайда Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған көптеген жарақат пен сол аяқтың травматикалық ампутациясы диагнозын қойған.

"Пациентке шұғыл операция жасалды. Кейін бірнеше рет қайта ота жасалып, қарқынды терапия және реанимациялық шаралар жүргізілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығына байланысты 2026 жылғы 8 қазанда пациенттің қайтыс болғаны тіркелді", – деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қазір тергеу аясында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Істің өзге егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар