"Музейге беру керек": Меруерт Өтекешоваға төрт қабатты ерекше торт сыйлады

/
"Музейге беру керек": Меруерт Өтекешоваға төрт қабатты ерекше торт сыйлады
Stan.kz коллажы

Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына орай ерекше сыйлық жасалды. Қазақстандық кондитерлер актрисаның шығармашылық жолы мен отбасылық естеліктерін бейнелейтін төрт қабатты торт әзірледі, деп turkystan.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тәп-Тәтті" кондитерлік үйінің шеберлері тәттіні театр сахнасы үлгісінде безендірген. Торттың әр қабатына Меруерт Өтекешованың әр жылдардағы жеке және отбасылық фотосуреттері орналастырылған.

Ал композицияның ең жоғарғы бөлігіне актрисаны көпшілікке кеңінен танытқан «Қыз Жібек» фильміндегі образын еске түсіретін сәукеле қойылған.

Кондитерлердің мәліметінше, ерекше тортты әзірлеуге 13 күн кеткен. Ал оның барлық бөлігін біріктіріп, соңғы безендіру жұмыстарын аяқтауға шамамен 10 сағат жұмсалған.

Меруерт Өтекешова тосынсыйды көргенде ерекше әсер алған.

"Музейге беру керек бұл тортты", – деді актриса.

Кондитерлік үй өкілдері қазақ киносының аңызына айналған өнер иесіне арнайы сыйлық әзірлеуді өздері үшін үлкен мәртебе деп атады.

"Қазақтың Қыз Жібегіне – ерекше ықыласпен! Меруерт Өтекешованың мерейтойына арнайы тәтті тосынсый дайындау "Тәп-Тәтті" ұжымы үшін үлкен мәртебе болды. Меруерт Қаратайқызы, жүзіңізден күлкі кетпей, жақындарыңыздың ортасында қуанышқа бөлене беріңіз!" – деп жазды кондитерлік үй өкілдері.

Биыл Меруерт Өтекешова 75 жасқа толды. Осыған орай актрисаның мерейтойына арналған түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, әріптестері мен өнер өкілдері оған құрмет көрсетіп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар