Жамбыл облысында сот 9 баланың әкесінен алимент өндірді

/
Жамбыл облысында сот 9 баланың әкесінен алимент өндірді
istockphoto.com

Тұрар Рысқұлов аудандық соты 9 кәмелетке толмаған баланы асырауға алимент өндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талап қою арызға сәйкес, жауапкер балалардың заңды әкесі болып табылады, бірақ отбасымен бірге тұрмайды және оларды оларды күтіп-бағуға материалдық көмек көрсетпейді. Тараптар әлі ресми түрде некеде тұрғанына қарамастан, олар бірнеше айдан бері бірге тұрмайды.

Талап қоюшы жауапкерден балалар кәмелетке толғанға дейін оның табысы мен өзге де кірісінен барлық түрлерінен 50% мөлшерінде алимент өндіріп алуды сұрады.

Іс материалдары мен дәлелдемелерді зерттеп, сот мәлімделген талаптардың негізділігі туралы қорытындыға келді. Сот тараптардың отбасылық және материалдық жағдайын, сондай-ақ ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын асырау міндетін ескерді.

Сот бұйрығымен арыз қанағаттандырылды. Жауапкерден 2026 жылғы тамыздан бастап кәмелетке толғанға дейін 9 баланы асырап-бағуға ай сайын табысының және өзге де кірісінен 1/2 бөлігі өндірілді.

Сонымен қатар, жауапкерден мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді.

Сот шешімі ата-анасынан асырау алуға құқығы бар кәмелетке толмаған балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сот актісі заңды күшіне енді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар