Астанада үлескерлер 6 жыл күткен пәтерлерін алды

/
Астанада үлескерлер 6 жыл күткен пәтерлерін алды
istockphoto.com

Елордадағы «Атамари» тұрғын үй кешенінде үлескерлер қоныс той өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар 2020 жылы тұрғын үйге ақша салып, 5 жылдан астам уақыт бойы құрылыс компаниясы құрылысты аяқтамай қойған.

Прокуратура 350 үлескердің мүддесі үшін талап арыз енгізіп, аяқталмаған құрылыс объектісі жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне берілген.

Нәтижесінде «Атамари» ТҮ аяқталды және үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды.

Жалпы, жыл басынан бері соттар 3,9 млрд теңге сомасына 277 үлескердің мүддесі үшін прокурорлардың 11 талап-арызын қанағаттандырды.

Үлестік құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын тиісті рұқсаттың бар-жоғын тексеруге шақырады (сілтеме: homeportal.kz/shared-construction-objects).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары