Түркістан облысында автошеру ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

/
Түркістан облысында автошеру ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Polisia.kz

Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар  Алматы – Ташкент – Термез автожолының 754-шақырымында автошеру ұйымдастырып, өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірген жүргізушілерді анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері жолдағы жағдайды дер кезінде бақылауға алып, құқық бұзушылықтың жолын кесті. Үйлену той кортежіндегі жүргізушілер 23 жастағы жас жігіттер болып шықты. Аталған Шымкент қаласынан Сарыағашқа бағыт алған Toyota Corolla және Chevrolet Cobalt  автокөліктерінің жүргізушілеріне заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Құқық бұзушылыққа жол берген автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өзге жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмеуге және жолдағы қауіпсіздік талаптарын бұзбауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары