18 тамыздағы сауда-саттықта әлемдік биржаларда қант бағасы 4%-ға өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
ICE деректеріне сәйкес, сауда барысында қанттың бағасы бір фунт үшін 17,58 центтен асты. Бұл – 2025 жылғы 22 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Қант бағасының өсуіне бірнеше фактор себеп болып отыр.
Trading Economics жазуынша, соңғы бірнеше онжылдықтағы ең күшті табиғи құбылыстардың бірі — Эль-Ниньо өндіріс үшін тәуекелдерді күшейтіп отыр. Қант қамысы мен қант қызылшасы егілетін алқаптардың қысқаруы аясында сарапшылар 2026/27 маусымында әлемдік деңгейдегі қант тапшылығы болжамын ұлғайту жағына қайта қарауда.
Үндістан, Еуроодақ және Таиланд қолайсыз ауа райы жағдайларына ең осал өңірлердің қатарына жатады. Сонымен қатар мұнайдың жоғары бағасы Бразилия сияқты ірі өндірушілерді қанттың орнына этанол өндіруге қант қамысының көбірек көлемін бағыттауға ынталандыруы мүмкін. Шілде айының соңында Бразилия отын қоспасындағы этанолдың міндетті үлесін арттырды. Бұл әлемдік нарықтағы қант ұсынысының одан әрі қысқаруына әкелуі мүмкін.
Осы уақытта қанттың ең ірі тұтынушысы – Үндістан ішкі қорды көбейту және бағаның рекордтық өсуін тежеу үшін қазан айының соңына дейін бұл өнімге салынатын импорттық баж салығын төмендету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл шешім де әлемдік ұсынысқа қысымды күшейтуі мүмкін.