Арнаулы мемлекеттік қордан спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша алты жобаны қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аяқталған нысандардың бірі – Көкшетау қаласындағы көпфункционалды спорт кешені. Нысан қайтарылған активтердің қаражаты есебінен салынған және оқу-жаттығу процесі мен өңірлік әрі республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған. Кешенде жекпе-жек және ойын спорт түрлеріне арналған әмбебап залдар бар, заманауи тренажерлер орнатылған, спортшылар мен қала тұрғындары үшін қажетті инфрақұрылым қарастырылған.
Бұдан басқа, Ақмола облысының Зеренді ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, Астанада қайта жаңартудан кейін Қ.Мұнайтпасов атындағы стадион ашылды, елордадағы «Қазақстан» спорт сарайын жаңғырту жалғасуда.