Respublica партиясы Петропавлда энергетиктермен өзекті мәселелерді талқылады

/
Respublica партиясы Петропавлда энергетиктермен өзекті мәселелерді талқылады
Respublica партиясы

Respublica партиясының сайлауалды штабы Alageum Electric құрамындағы «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС-не барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорын электротехника саласында жұмыс істеп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен өндірістік әлеуетін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Кездесу барысында Respublica партиясының өкілдері кәсіпорын қызметкерлерімен өндіріс саласының өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидаттар Айдана Тоғызбаева, Нұргүл Тау, Олжас Құспеков және басқа да Respublica партиясының сайлауалды штабының мүшелері қатысты.

14 жылдық өндірістік тәжірибесі бар Құрылтай депутаттығына кандидат Бекжан Айтқұлов өндіріс орындары алдында тұрған бірқатар мәселеге тоқталды. Оның айтуынша, кәсіпорындар шикізат бағасының тұрақсыздығы, кадр тапшылығы және өнімді өткізу мәселелерімен бетпе-бет келеді.

«Біз шикізатты емес, дайын өнімді экспорттауға тиіспіз. Экономиканың тұрақтылығы – зауыттар, мектептер, ауруханалар мен қарапайым отбасылар үшін алдын ала болжам жасай алатын тұрақты жүйеден басталады», – деді Бекжан Айтқұлов.

Құрылтай депутаттығына кандидат Олжас Құспеков отандық өндірушілер үшін әділ бәсекелестік жағдайын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс кезінде отандық өнімнің нақты шығу тегіне ерекше назар аудару қажет.

«Импорттық тауардың отандық өнім ретінде көрсетіліп, мемлекеттік тапсырысқа ие болуына қарсымыз. Біздің мақсатымыз – табысына қарамастан әрбір қазақстандыққа тең мүмкіндік беру», – деді Олжас Құспеков.

Кездесу барысында Respublica партиясының өкілдері энергетика және электротехника саласының тұрақты дамуы өндірістің технологиялық мүмкіндіктеріне, бәсекелестік ортаға және ұзақмерзімді экономикалық саясатқа байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар Respublica партиясының кандидаттары кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өндіріс, кадр даярлау және өнім өткізуге қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, Respublica партиясының өкілдері өндіріс орындарындағы нақты мәселелерді талқылаудың және еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескерудің маңыздылығына тоқталды.

Respublica партиясы өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі, технологиялық әлеуетті арттыру және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселелерін талқылауды жалғастыратынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар