Балуан Еркебұлан Анапия Әлем чемпионатының финалына шықты

/
Балуан Еркебұлан Анапия Әлем чемпионатының финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде Грекия өкілі Адамантиос Пападатосты 8-1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Еркебұлан қола жүлде үшін өтетін белдесуде Иран спортшысы Амир Махди Саиди Навамен кездеседі.

Ал Бахтияр Казиев 130 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде қытайлық Чэнмао Цуйға 7-1 есебімен жол берді.

Айта кетейік, финалдық кезең, бүгін 17 тамызда өтеді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары