Respublica партиясы Көкшетауда агроөнеркәсіп саласының еңбеккерлерінің ұсыныстарын тыңдады

/
Respublica партиясы Көкшетауда агроөнеркәсіп саласының еңбеккерлерінің ұсыныстарын тыңдады
Respublica партиясы

Respublica партиясының сайлауалды штабы Ақмола облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС-не барып, өндірістік нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорын жылына 4–5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге қауқарлы және шамамен 500 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кездесу барысында Respublica партиясының өкілдері кәсіпорынның өндірістік әлеуеті, агроөнеркәсіп саласының дамуы және отандық ауыл шаруашылығы техникасының нарықтағы орны жөнінде пікір алмасты.

Respublica партиясының төраға орынбасары Олжас Құспеков агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар бастамаға тоқталды. Ол 6 пайыздық жеңілдетілген лизинг тетігіне қатысты депутаттық сауал жолданғанын және осы бағытта шешім қабылданғанын айтты. Сонымен қатар кәдеге жарату алымына қатысты жұмыс тобының қызметі туралы ақпарат берді.

Respublica партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаты Әдия Әдімбаева тауарларды цифрландыру және таңбалау мәселесіне назар аударды. Оның пікірінше, цифрлық шешімдер азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетумен қатар, бизнес пен тұтынушы арасындағы үдерістердің ашықтығын арттыруы қажет.

Құрылтай депутаттығына кандидат Бекжан Айткулов отандық тауар өндірушілердің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесін көтерді. Ол Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шаралар жөнінде айтты.

Кездесу барысында Respublica партиясының өкілдері агроөнеркәсіп саласындағы өндірістің ел экономикасы үшін маңызын атап өтті. Кәсіпорынның жұмысы ауыл шаруашылығы техникасына деген ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және өндірістік кадрларды жұмыспен қамтуға ықпал ететіні айтылды.

Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, цифрландыру және еңбек нарығына қатысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Respublica партиясының өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Respublica партиясы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты мәселелерді талқылауда өндіріс орындарының тәжірибесі мен еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескерудің маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысында Respublica партиясының өкілдері агроөнеркәсіп саласындағы шешімдердің нақты өндіріс орындарының жағдайы мен еңбек адамдарының ұсыныстарымен тікелей байланысты екенін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар