Индонезияда зілзалдадан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті

/
Индонезияда зілзалдадан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті
Фото: ТАСС

Индонезияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті, тағы 100-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шамамен 5 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Табиғи апат салдарынан 900-ден астам ғимарат қирап, тағы 450 үйге зақым келген.

— Біз көшкіндердің басым бөлігінен кейінгі үйінділерді тазалап, оқшауланып қалған ауылдарға апаратын жолдарды аштық. Алайда байланысқа қатысты қиындықтар мен электр энергиясының өшірілуі іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтіруде, — деді құтқару қызметінің өкілі Фатхур Рахман.

Jakarta Globe газетінің мәліметінше, аралда мемлекеттік және тұрғын үй ғимараттары, мектептер, медициналық және діни мекемелер зақымданған.

Еске салайық, сенбі күні Индонезияның Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Цунами қаупіне байланысты Флорес аралының жағалау тұрғындарына үйлерін тастап, жағалау сызығынан кемінде 2 шақырым қашықтықта болу ұсынылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары